+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген І республикалық Махамбет оқуларының қорытындысы
30 Қыр, 05:06

2010 жылдың 28-30 қыркүйек күндері Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында І республикалық Махамбет оқулары өтті.

cut

I Республикалық Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді.

- «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

- «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін орындаушылар конкурсы;

- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан барлық үш қатысушы да жүлделі орынға ие болды:

-  «Тартынбай сөйлер асылмын...» бөлімі бойынша 1-орынды Абай ауданы Қарауыл гимназиясының 11 –сынып оқушысы Жақсылықов Жайдар;

-   «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» бөлімі бойынша 2-орынды  Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Айдарбеков Арыс;

-   «Ұлы арман» бөлімі бойынша 2-орынды Семей қаласының Шәкәрім атындағы №5 МГ 8-сынып оқушысы Құдайбергенов Дарын иеленді.