+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының халықаралық ғылыми олимпиадасына қатысу қорытындысы
16 Мамыр, 10:19

2011 жылдың 05 - 15 мамыры аралығында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, облыс оқушылары Салоники қаласындағы (Греция) халықаралық ғылыми олимпиадаға қатысты.cut

«Дарын» орталығы облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен бірнеше ғылыми кеңес ұйымдастырды.

Шығыс Қазақстан облысын 8 адамнан құралған оқушылар командасы таныстырды. Олимпиада кезінде оқушылар білікті қазылар алқасы құрамына  өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды:

Алтын медальмен және І дәрежедегі дипломмен марапатталғандар :

-          Сейлханов Алмас - Өскемен қаласындағы ҚММФИМ 11-сынып оқушысы (экономика);

-          Исағулова Назым - Өскемен қаласының №38 МГ 11-сынып оқушысы (биология).

І дәрежедегі дипломмен:

-          Тоғжанова Жібек - Өскемен қаласының №3 МГ 11-сынып оқушысы (тарих).

ІІ дәрежедегі дипломмен :

- Марқабаева Жұлдыз - Күршім ауданы Қ.Нұрғалиев атындағы МГ 11-сынып оқушысы (физика);

- Мирзасов Талғат - Көкпекті ауданы Көкпекті ОМ 11-сынып оқушысы (физика);

-         Мусин Қайнар - Өскемен қаласындағы ҚТЛ 11-сынып оқушысы (физика).

ІІІ дәрежедегі дипломмен :

- Акишева Сәуле - Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы (математика);

- Фазылов Батырхан - Өскемен қаласының №39 ОМ 11-сынып оқушысы (тарих).

Олимпиада қатысушыларына арнайы мәдени танымдық бағдарлама, Грецияның белгілі тарихи жерлерінде экскурсия ұйымдастырылды.