+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарын» Ғылыми мектебі туралы ЕРЕЖЕ
16 Қар, 09:56

I.Жалпы ережелер

«Дарын» Ғылыми Мектебі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ғылыми мектеп) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 2016-2019 жылдарға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, жас таланттарды қолдаудың «Дарын» мемлекеттік бағдарламасына, экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруТұжырымдамасы және басқа да нормативті құқықтық құжаттарға сәйкес дайындалған.

Ереже Ғылыми мектептің мақсатын, міндеттерін, өткізу және ұйымдастыру  тәртібін, қаржыландыруды белгілейді.

Ғылыми мектепті ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын»).

Ғылыми Мектеп оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.

II. Ғылыми мектептің мақсаты мен міндеттері

Ғылыми Мектептің негізгі мақсаты – республикалық және халықаралық деңгейлердегі интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстарға дарынды оқушыларды дайындау.

Ғылыми Мектептің міндеттері:

- мектеп оқушыларының шығармашылық қаблетін дамыту және олардың зерттеушілік бейімін жетілдіру;

- оқушылардың шығармашылық ізденісі мен зерттеулерді орындау үдерісінде талдау және сыни ойлауды қалыптастыру;

- оқушыларды қойған мақсатқа қол жеткізуге, болашақтағы және осы еңбек жолындағы, оқу кезіндегі жүйелілікке тәрбиелеу;

- дарынды жасөспірімдерді іздестіріп, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қамтамасыз ету.

III. Ғылыми мектеп басшылығы

Ғылыми Мектептің қызметіне жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры жүргізеді.

Ғылыми мектепті ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Ғылыми мектептің тұжырымдамасын әзірлейді;

- Ғылыми Мектептің қызметіне ағымдағы, келешек жоспарлау жүргізеді;

- Ғылыми Мектепке дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылық жасайды;

- Ғылыми мектепке қатысушылардың құрамын, өтетін орнын, мерзімін белгілейді;

- Ғылыми Мектептің оқытушыларының құрамын белгілейді, олардың жұмыстарын ұйымдастырып, үйлестіреді;

- Ғылыми Мектептің өтуі туралы талдау жасайды, бұқаралық ақпарат құралдарында дайындық, өту барысы жайлы, қорытындысы туралы жариялайды.

IV. Ғылыми Мектепке қатысушылар

Ғылыми мектепке облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сыныптарының дарынды оқушылары – облыстық олимпиада резервінің құрамына кіретін облыстық деңгейден төмен емес интеллектуалдық олимпиадалардың жүлдегерлері кіреді.

Ғылыми мектептің оқытушыларының құрамына Шығыс Қазақстан облысының, Қазақстанның және шетелдердің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары - түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстардың қазылар алқасының мүшелері, сондай-ақ интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегерлерін дайындаған облыстың шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері кіреді.

Жекелей, даралап оқытуды қамтамасыз ету үшін қатысушылардың әр пән бойынша саны 12 адамнан аспайды.

Ұйымдастыру комитеті белгілеген Ғылыми мектепке қатысушылар құрамын ШҚ ӨҒПО «Дарын» директоры бекітеді.

V. Ғылыми Мектепте оқу

Ғылыми мектепте оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқыту бағыттары:

- оқушылар мен педагогтарға ғылыми жоба жазуда ғылыми кеңес беру;

- жалпы білім беретін түрлі пәндер бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейлердегі олимпиада тапсырмаларын талдау;

- дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстарға дайындық мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;

- жүргізген зерттеулер нәтижесін жариялау бойынша оқушыларға практикалық көмек көрсету.

Ғылыми Мектептің оқытушы ғалымдардың оқытатын пәндері бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушыларын түрлі деңгейлердегі интеллектуалды олимпиадаларға даярлауда жұмыс өтілі (3 жылдан кем емес) болуы керек.

Ғылыми мектепте оқу тиісті университет кафедраларында бекітілген Бағдарламалар негізінде іске асады.

Ғылыми Мектеп оқушыларының жеке пәндер бойынша практикалық сабақтары жоғарғы оқу орындарының лабораторияларында (келісім бойынша) немесе өндірісте (келісім бойынша, техникалық қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтап) ұйымдастырылады.

Ғылыми Мектепте оқыту демалыс кезінде күндізгі бөлімде (жылына 3 рет), сондай-ақ жыл бойы сырттай бөлімде (қашықтықтан)  оқыту жүзеге асырылады.

Ғылыми Мектепте оқу нәтижелігі оқу жылының соңында оқушылардың оқытылатын пәндері бойынша түрлі деңгейлердегі интеллектуалды олимпиадаларға қатысуы нәтижесімен анықталады.

Ғылыми Мектепте оқу қорытындысы бойынша оқытушы ғалымдардың ұсынысымен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы құрамын белгілеп, бекітетін облыстың олимпиада резерві қалыптастырылады.

 VI.Ғылыми мектепті қаржыландыру

Ғылыми мектепте оқу тегін.

Ғылыми Мектеп оқытушыларының еңбегінің ақысын төлеу мәселелері Ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасы негізінде еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқытушылардың еңбек ақысы ғалымның ғылыми дәрежесін, шығармашыл ұстаздың жетістіктерін ескермей астрономиялық бір сағат үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден төленеді.

Оқытушының сағаттар саны еңбек шартымен белгіленеді.

Ғылыми мектептің қызметіне байланысты шығындар бекітілген шығындар сметасына сәйкес ШҚ ӨҒПО «Дарын» есебінен өтеледі.