+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Әлемді махаббат пен мейірімділікке толтырайық!
11 Қар, 08:49

Бір дана емші былай деген: «Адам үшін ең үздік дәрі – махаббат пен қамқорлық...» Сонда жанында тұрған адамдардың бірі: «Ал егер көмектеспесе ше?» - деп сұрапты. Сондағы берген жауабы: «Мөлшерін көбейтіңіз»...  

Біздің мемлекетіміз біздің ұрпақтарымыз, жастарымыз тек өздеріне ғана емес, қоршаған ортаға да мейірімділік пен қамқорлық көрсетуіне септігін тигізуде. Осы мақсатта 8-10 қараша аралығында Алматы қаласы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы дәстүрлі түрде «Өзін – өзі тану» пәнінен Республикалық олимпиада өткізді.

Олимпиада аясында қатысушылар адамдар арасындағы қарым-қатынас құндылығы, адамзат өмірінің үйлесімділігі жайлы түрлі тақырыптарға эссе жазып талқылады: «Шындыққа махаббатпен қызмет ету...», «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста», «Өзіңді бақылауға үйрен», «Жүректі мейірімділікке ашыңыз», «Адамзатқа қажет болу!».

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команданың барлық мүшелері жүлделі орындар алды және біз оларды мақтан тұтамыз!

ІІ дәрежелі дипломмен:

-  Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Созаева Симона ;

-  Үржар ауданы, Кішкенетау орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сарқыт Ләззат  марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласы қазақ-түрік лицейінің 8 сынып оқушысы Әшімбаев Ербұлан ;

- Өскемен қаласы № 35 орта мектептің 9 сынып оқушысы Зарытқанова Әсемгуль марапатталды.

   

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!