+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жасөспірімдер резервінің бейіндік ауысымы өткізу туралы
08 Қар, 10:25

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 11-14 қарашасы аралығында Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында жасөспірімдер резервінің бейіндік ауысымы  (бұдан әрі – Ауысым) өткізілетінін назарларыңызға салады.

Ауысымның мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиада қатысушыларының резервін құру болып табылады.

Әрбір қалалық/аудандық білім бөлімінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен 7-9 сынып оқушыларынан екі қатысушыдан қатыса алады (тізім қоса беріледі).

Қатысушылардың келуі – 11 қараша сағ.11.00-ге дейін.

Қатысушылардың қайтуы – 14 қараша сағ.9.00-ден бастап.

Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің, мамандандырылған білім мекемелерінің үйлестірушілері 2016 жылдың 9 қарашасына дейін оқушылардың Ауысымға қатысуын растайтын құжатты келесі мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 немесе vk_daryn@mail.ruэл. поштасына жіберу қажет.

Қосымша: __ парақта.