+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас физиктер мен астрономдарға арналған астропрактикум
08 Қар, 03:28

2016 жылдың 1-4 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Алматы қаласы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының базасында Республикалық Астрономиялық практикумға қатысты.   

Астрономиялық практикум бағдарламасы аясында лекциялық, тәжірибелік, зертханалық сабақтар мен күзгі аспан денелерін бақылау жұмыстары өткізілді. Лекцияларды Әл-Фараби атындағы ҚазҰТУ астроном ғалымдары мен физиктері, Абай атындағы ҚазҰПУ жетекші қызметкерлері және т.б. оқыды.

Астропрактикумның бағдарламасына бағдарламалау, жобалау және робототехникаға байланысты тақырыптар енді: «Жұлдызды аспанды бақылау», «Күн жүйесі және Ғаламшардағы қашықтықты анықтау», «Ғарыштық робототехникаға ену», «Макроконтроллермен жұмыс», «АVR-Studio жобасы», «Жеке жобалы құралдарды жасау».

 Планетарийде оқушылар жұлдыздарды зерттеп бақылады, сфералық астрономия негіздерімен, тақырыптық ғылыми-танымал фильмдермен танысты.

Күнделікті астрономияға, астрофизикаға, бағдарламалауға, робототехникаға қатысты түрлі дәрежелі есептерді шығару жұмыстары жүргізілді.  

Астропрактикум соңында, оқушылардың ғарыш астрономиясы мен физикасы саласындағы білім деңгейлерін тексеру мақсатында, тексеру жұмысы өткізілді. 

Астропрактикумның барлық қатысушылары мен топ жетекшілеріне сертификаттар берілді.