+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас математикатердің жетістіктері
07 Қар, 12:02

2016 жылдың 2-3 қарашасы аралығында Қарағанды қаласында Шығыс Қазақстан облысының командасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қазақтың тұңғыш профессор математигі А. Ермековтың 125 жылдығына арналған Әлімхан Ермеков атындағы математикадан алғашқы Республикалық олимпиадаға қатысты.

 Олимпиада екі күнге созылып, екі кезеңнен тұрды. Мектеп курсындағы ең күрделі пәндердің бірінен өткен олимпиададағы біріншілікке бүкіл Қазақстанның 16 аймағынан 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада нәтижелері жеңімпаздар мен жүлдегерлерді,сонымен қатар номинация иегерлерін анықтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі әйгілі ғалымның немересі О.Ермековтың қатысуымен өткізілді.  

Олимпиаданың бас жүлдесі мен қомақты ақшалай сыйлықты 250 мың теңге Астана қаласының қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы жеңіп алды.  

Олимпиада қорытындысы бойынша Созаева Симона - облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы жүлделі үшінші орынға ие болды.  Лайықты күресі үшін Симона дипломмен, қола медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Олимпиадашыларымызға тек қана табыс пен жеңіс тілейміз!