+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Астана және Алматы қалаларының жетекші жоғарғы оқу орындары ШҚО оқушылары үшін өз есіктерін ашты
04 Қар, 06:36

Мектеп түлектері қатты алаңдаулы – олардың көпшілігінің алдында тағдырын шешетін шешім қабылдау мәселесі тұр – қайда барып оқу керек. Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің оқушы-түлектеріне күзгі демалыс уақытында Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарымен танысуға ерекше мүмкіндік пайда болды.

50-ден астам оқушы аталған шараға қатысуға мүмкіндік алды, оның негізгі мақсаты жоғарғы оқу орындарындағы мамандықтар туралы, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпарат беру, ғылыми-зерттеу бағыттарымен танысу, ЖОО жетекші ғалымдарымен, студенттік өмірмен танысу.

Астана қаласында ШҚО оқушылары Назарбаев Университетіне, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне, Қазақ мемлекеттік медициналық академиясына, Қазақ Ұлттық аграрлық университеттерін аралады.

Алматы қаласында ШҚО оқушылары Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тыныс-тіршілігіммен танысты.

Қонақтар - ШҚО оқушылары үшін кәсіби бағдарлық жұмыстар аясында әр ЖОО өзінің білім беру мекемесі туралы толық ақпарат берілді, ЖОО факультеттеріне экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар кафедраларды, институттар мен лабораторияларды аралады, оқытушылармен кездесті. Сонымен қатар, қызығушылықпен ЖОО кітапханасымен, спорт кешендерімен, қазіргі заманға сай ыңғайлы жатақханалармен, жаңашаландырылған оқу корпустарымен. Олар оқуға түсу шарттары, оқу ерекшеліктері, студенттік өмір ережелері туралы қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.

Оқушылардың Астана және Алматы қалаларында болуы аясында мәдени-танымдық шара енгізілген. Тарихи мұралармен және қала көрнекіліктерімен таныстуры үшін қала ішіне, ҚР орталық мұражайына, ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Республикамыздың ірі ЖОО танысу мектеп түлектеріне үлкен әсер қалдырғаны сөзсіз. Балалардың қызығушылықтары мен тілектерін ескере отырып, Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар қазақстандық оқу орындарының масштабтылығы мен дәрежесінің жоғарылығына өздері көз жеткізіп, өздерін студент ретінде сезінген оқушылардың Қазақстандық жетекші ЖОО түсуге бар күштерін салады деп сенеді.