+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жасөспірімдер резервінің бейіндік ауысымын өткізу ережесі
03 Қар, 09:26

1. Жалпы ережелер

Осы ЕрежеЖаратылыстану-математика бағыты бойынша жасөспірімдер резервінің бейіндік  ауысымның (бұдан әрі – Ауысым) өткізілу тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.

Ауысымның мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейлердегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиадаларға қатысушы оқушылар резервін қалыптастыру.

1.3. Ауысым тапсырмалары:

- жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;

- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты анықтау мен дамыту;

- дарынды балаларды қолдауға шарттар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату.

Ауысымның ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Ауысымның жұмыс тірдері - қазақ және орыс тілдері.

2. Ауысымның өту тәртібі, орны және мерзімі

Ауысым облыстың жалпы білім беретін мектептерінің  7-9 сынып оқушылары арасында келесі пәндер бойнша өткізіледі: математика, физика, география, биология, химия.

Әр пәнге олимпиадалық тапсырмаларды олардың шешу нұсқаларымен орындау үшін 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

Ауысым 2016 жылдың 11-14 қарашасы аралығында ШҚ ӨҒПО «Дарын» базасында (Таулы Үлбі) өтеді.

Ауысымға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің және жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелердің басшыларының қолы қойылған өтінімдерді 2016 жылдың 9 қарашасына дейін келесі мекен-жай бойынша жіберіледі: ШҚ ӨҒПО «Дарын», Абай даңғылы, 21, тел. 8(7232)74-22-66, е-mail: vk_daryn@mail.ru

Өтінімге қатысушылар тізімі қоса беріледі: тегі, аты, сыныбы, оқу тілі, білім беру мекемесі, пәні, топ жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, Ауысымға қатысушыларды дайындаған мұғалімдердің аты-жөні.

3. Ауысымның жұмысшы органдары

Ауысымды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

Ауысымның жалпы өткізілу тәртібін анықтайды; тікелей басшылықты жүзеге асырады;

Ауысымның қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;

Ауысымның өтуі ауысымның Ережесіне сай болуын ұйымдастырады;

Ауысымның өту тәртібін, мерзімін және өту орнын, өту ұзақтығын анықтайды;

Ауысымның ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша шаралар жоспарын, Ауысымның бағдарламасын құрастырады;

Ауысымға қатысу үшін білім беру ұйымдарынан өтінімдер қабылдайды;

Ауысымның әдістемелік комиссиясының құрамын құрастырады және бекітеді.

    4. Ауысым қатысушыларының құрамы

Ауысымға жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелердің 7-9 сынып оқушылары қатысады.

Әр аудан, қала білім бөлімдерінен және облыстық мамандандырылған мектептерден – 2 оқушы және 1 жетекшіге квота ұсынылады. Топ жетекшісі ауысымға қатысушылардың өмірі мен денсаулығына ауысым өтетін орынға дейін және қайтар жолда толықтай жауапты болады.

Ауысымға келісімен жетекші ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізуі қажет:

1)    Ауысымға қатысатыны туралы аудан/қала ББ басшыларының бұйрығының көшірмесі;

2)    қатысушылар туралы мәлімет (аты-жөні, туған жылы, сыныбы, оқу

тілі, оқу орны, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі пәндері мұғалімдерінің аты-жөні, топ жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3)    медициналық анықтама (әр қатысушыға);

4)    жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;

Қатысушылардың барлығы ауысымға қатысуға берілген өтінімге кірістірілуі қажет.

5. Ауысымның жеңімпаздарын марапаттау

Ауысымның жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

6. Қаржыландыру

Ауысымды Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.

Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.