+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас ғалым» ғылыми мектебінің ЕРЕЖЕСІ
03 Қар, 08:20

Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Білім туралы» ҚР заңымен 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына және басқа нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленді.

1.2. «Жас ғалым» ғылыми мектебі (әрі қарай мектеп) – бұл – оұушының оқу – ғылыми және ғылыми – іздену қызметіне бағдарланған қосымша білім беру мектебі.

1.3. Оқу – ғылыми және ғылыми-іздену қызметіне ұйымдастыру, еңбек және шығармашылық процестер бойынша басқару, оқушының ғылыми-зерттеу жұмыс – жобаларын орындауын ұйымдастыру.

(әрі қарай-ОҒЗЖЖ), ОҒЗЖЖ орындаған нәтижелерді жүзеге асыру және апробациялау кіреді.

1.4. Оқу – ғылыми және ғылыми-іздену қызметінің негізі тіні педагогтардың, ОҒЗЖЖ мамандары мен ғылыми қызметкерлердің жетекшілік етуімен орындаған жұмыстары болып табылады. 2 Бұл жұмыстарды орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №668 «Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстарды өткізу ережесі» бұйырығымен регламенттеледі.

1.5. Жалпы ОҒЗЖЖ, оқу ғылыми және ғылыми-іздену қызметін орындау мына мақсатты көздейді.

2. Мектеп оқушыларының шығармашылық қаблетін дамыту және олардың зерттеушілік бейімін жетілдіру;

оқушылардың шығармашылық ізденісі мен зерттеулерді орындау процестерінде талдамалық және сыни ойлауды қалыптастыру;

оқушылардың өздеріне өзі тексеруге бойларын үйрету, алдағы еңбек қызметіне бағдарлау және кәсіптік тұрғыда дайындау;

оқушылардың өз беттерінше оқуды жүйелеуіне, мақсат қоюына, қазіргі және алда тұрған еңбек қызметіне тәрбиелеу;

оқушылардың қойылған мақсатқа қол жеткізгендігін және алынған тәжрибесін жарияланымдарды өз бетінше бекітуге баулу;

дарынды жас өспірімдерді іздестіріп, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қамтамасыз ету.

2. Ғылыми қызметті басқару

2.1. Оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін басқаруды «Дарын» РҒПО-ның директоры жүзеге асырады.

2.2. Мектеп директоры жүзеге асырады:

ғылыми қызметке жалпы жетекшілік ету;

жоспарлау, ұйымдастыру және ОҒЗЖЖ орындалуын қадағалау;

директор орынбасарларының ұсыныстарын қарайды және оны жүзеге асырады зертхана меңгерушілерінің ұыймдастырушылық-педагогикалық қызметтерін және ғылыми қызметті жетілдіру және дамыту жөніндегі интеллектуалдық жарыстардың, ОҒЗЖЖ тақырыптарының орындалуын бақылайды.

Жоғарыда аталған зертханалар меңгерушілері орнына ұсынылған кандидаттарды және ОҒЗЖЖ атқарылуын, ОҒЗЖЖ туралы есептер мен жұмыс бағдармаларын қарау және бекіту;

ОҒЗЖЖ жетекшілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын және осы жұмыстарға қатысты тәжрибе алмасу жөніндегі әдістемелік семинарлар.

2.3. Директордың ұйымдастыру – педагогикалық қызмет жөніндегі орынбасары:

Мектеп қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

2.4. Зертханалар меңгерушілерінің ұйымдастыру педагогикалық қызметі:

ағымдық және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

мұғалімдердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

ОҒЗЖЖ жетекшілері мен оқушыларға осы зерттеулердің орындалу мәселелері бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді;

Белгіленген үлгі бойынша ОҒЗЖЖ-ның ағымдағы есебінің орындалуын және олардың жүзеге асырылу нәтижелерін қадағалайды.

Мектеп жұмысының нәтижелері жөнінде Орталық басшысына есепті ұсынады.

2.4. Зертхана меңгерушілері ұйымдастыру педагогикалық қызметті және интеллектуалдық жарыстарды қарайды, ОҒЗЖЖ атқарушыларын анықтайды және жетекшілерді тағайындау жөнінде ұсыным қабылдайды, тақырыптарды таңдайды, жұмыс бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы есеп түзеді, сондай-ақ осы ұсынымдарды «Дарын» РҒПО директорына бекітуге ұсынады.

3. Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми іздену қызметіне жетекшілік ету

Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми іздену қызметін біліктілігін жоғары және тәжрибелі педагогтар, мамандар, ғылыми қызметкерлер тікелей жетекшілік ету арқылы жүзеге асырады.

ОҒЗЖЖ жетекшілері осы жұмыстардың атқарылуына сәйкес ОҒЗЖЖ жұмыс бағдарламаларын қарау және бекітлуіне байланысты «Дарын» РҒПО директоры тағайындалады.

3.3. ОҒЗЖЖ жетекшілерінің міндеттері мынадай:

ОҒЗЖЖ тақырыптарын оны атқарушылардың қатысуымен және олардың нақтылауымен таңдау;

ОҒЗЖЖ жұмыс бағдарламаларын түзу;

Олардың ОҒЗЖЖ әдістемелік ұйымдастырушылық көмек, атқарушыларға тұрақты түрде кеңес беру және орындалуын қадағалауға жетекшілік етеді;

ОҒЗЖЖ туралы есепті түзуде әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету, көрнекі құралдардың тәжрибелік үлгілерін дайындау; ОҒЗЖЖ орындаушыларына олардың ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, және шығармашылық конкурстарға қатысуына әдістемелік жұмыстар түрінде көмек көрсету;

ОҒЗЖЖ орындаушыларына зерттеулердің орындалу нәтижелерін жариялауына және алдағы уақытта ғылыми қызметтеріне практикалық көмектер көрсету;

ОҒЗЖЖ орындаушыларының жұмыстар істеу барысында белгіленген техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтау.

3.6. Жетекшілерге және консультанттардың еңбек ақысы мәселелері еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

3.7. Белгіленген жүктемелер шегі ОҒЗЖЖ жетекшілері үшін – 6 оқушы орындаушы, консультанттар үшін – 12 оқушы орындаушы.

4. Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін ұйымдастыру

4.1. Оқушылардың оқу және ғылыми-іздену қызметін ұйымдастыру – бұл педагогикалық және басқарушылық процестеріне шығармашылық дайындықтар, оқушылармен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен олардың нәтижелерін жүзеге асыруда әдістемелік және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

4.2. ОҒЗЖЖ мына бағытта орындалады.

1) физика;

2) техника;

3) Жер және ғарыш туралы ғылым;

4) математика;

5) қолданбалы математика;

6) информатика;

7) экономика;

8) биология;

9) химия;

10) қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;

11) тарих;

12) құқық тану;

13) өлкетану;

14) әдебиет;

15) этномәдениет тану;

16)тіл білімі.

4.3. Оқушылардың ғылыми қызметін жабдықтаудан: ОҒЗЖЖ жетекшілерін айқындау;

ОҒЗЖЖ тақырыптарын таңдау;

Тақырыптар жетекшілері ұсынған жұмыс бағдарламаларымен келісу;

ОҒЗЖЖ жұмыс бағдарламаларына сәйкес ғылыми зерттеулерді орындау;

ОҒЗЖЖ орындаған туралы есеп жасау;

ОҒЗЖЖ нәтижелерін жариялау мен опрабациялау.

4.4. ОҒЗЖЖ тақырыптары ОҒЗЖЖ жалпы сипаттамасында көрсетілген, отырыста қарастырылып, директордың ұйымдастыру-педагогикалық қызмет жөніндегі орынбасары бекіткен барлық талаптарға жауап беруі қажет.

4.5. ОҒЗЖЖ бекітілген жұмыс бағдарламасы көрсетілген мерзімде ОҒЗЖЖ жетекшілерінің бақылауындағы және оны орындаушылардың көмегі арқылы орындалады.

4.6. ОҒЗЖЖ нәтижелерін жариялауды олардың мектепте және басқа басылымдарда өздері жетекшілері мен консультантардың бірлесумен өздері жүзеге асыруы мүмкін. Өз еркімен жариялау барысында ОҒЗЖЖ орындаушылары олардың жетекшілері мен ғылыми кеңесшілерін көрсетеді.

5. Мектеп қатысушылары

5.1. Мектепке 8-11 сыныптар оқушылары бұрын «Жас ғалым» ғылыми мектебінде айналысқан сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен оған қатысқандар мектепке 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

5.5. Бұрын «Жас ғалым» ғылыми мектебінде айналыспаған 10-11 сыныптар оқушылары, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен республикалық ғылыми жарыстарға қатыспағандар мектепке қабылданбайды.

5.6. Алғашқы кезеңде (ОҒЗЖЖ қорғау) ғылыми жетекшілерінің ұсынымы бойынша (желтоқсанның үшінші онкүндігі) Мектепке қатысушылардың барлығы қатыстырылуы мүмкін.

ОҒЗЖЖ екіден артық емес оқушыны орындауы мүмкін.

5.7. Екінші кезеңде бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады, ол үшін ОҒЗЖЖ орындауда жалпы бағасы туралы ғылыми жетекшілердің ұсынысы бойынша және қоса берілген құжаттар (ОҒЗЖЖ туралы есеп, ОҒЗЖЖ тақырыбы жөніндегі реферат, басқа да материалдар, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, ғылыми жарыстар мен конкурстарға қатысқаны туралы мәліметтер) негізінде қатысады.

Бірінші кезеіңнің нәтижелері бойынша тестілеуге (қаңтардың бірінші онкүндігі) ОҒЗЖЖ-ды ойдағыдай қорғаған бірінші кезеңнің жеңімпаздары жіберіледі.

6. Ғылыми қызметпен айналысатын оқушылардың құқығы мен міндеттері

6.1. Ғылыми зерттеу жұмыс-жобаларын орындаушы оқушылар осы Ережеге сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға байланысты қосымша құқықтар мен міндеттер алады.

6.2. ОҒЗЖЖ орындаушы оқушылар мынадай құқыққа ие:

ОҒЗЖЖ тақырыптарын таңдау және оны орындаудың қажетті шегі мен мүмкіндігі режиміне мақсат қоюға;

ОҒЗЖЖ орындау үшін ақпараттық анықтамалық базаны пайдалануға;

Жетекшілері мен ғылыми кеңесшілерден ұйымдастырушылық және әдістемелік көмектер алуға.

6.3. ОҒЗЖЖ орындаушы оқушылар міндетті:

ОҒЗЖЖ жетекшілері белгіленген тәртіп бойынша және бекітіліген жұмыс бағдарламалары мен жұмыс тәртібі кестесіне сәйкес ғылыми зерттеулерді орындау; режимін оқу кабинеттерінде, зертханалар мен шеберханаларда жұмыс режимін сақтау;

ОҒЗЖЖ орындау кезінде жабдықтарды, приборларды құрал саймандарды, материалдық ресурстарды, ақпараттық анықтамалық көздерді, басқа да құндылықтарды пайдалануда оларға ұқыптылықпен қарауды және толық сақталуын қамтамасыз ету;

Лабороториялық және тәжрибелік жұмыстарды орындауда, сондай-ақ жабдықтардың мәшине мен механизмдерді пайдалану кезінде белгіленген техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау.