Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыс аудандарының және қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына арналған «Жас ғалым» ғылыми мектебі жұмысын бастайтынын хабарлайды.
«Жас ғалым» ғылыми мектебі бұл – оқушының оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметіне бағдарланған қосымша білім беру мектебі.
Ғылыми мектептің мақсаты – облысымыздың дарынды оқушыларын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға дайындау.
Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін жоғары білікті және тәжірибелі педагогтар, мамандар, Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысының жетекші ЖОО ғалымдары, облыстағы жалпы білім беретін мектептердің зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарда бірнеше рет жүлдегер оқушыларды дайындап жүрген шығармашыл педагогтары жүргізеді.
Ғылыми мектеп келесі бағытта жұмыс жүргізеді: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, құқықтану, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану, тіл білімі.
Оқу жылының соңында әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Ғылыми мектепте оқу ерікті түрде, ақылы.
«Жас ғалым» ғылыми мектебінің толық ережесі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының www.Shygysdaryny.kzсайтында таныса берілген.
Республикалық және халықаралық деңгейлерде жобаларды қорғауда жетістікке жету үшін ғылыми-зерттеу қызметінде қабілеттер мен білім алуға ынтасы бар оқушыларды «Жас ғалым» Ғылыми мектебіне шақырамыз.
Қалалық/аудандық ББ, МББҰ үйлестірушілері 2016 жылдың 15 қарашасына дейін үлгі бойынша өтінім толтырып, көрсетілген мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО немесе электронды поштаға жіберу қажет:vk_daryn@mail.ru.
Өтңнңм формасы:
|
№ |
Қала/аудан |
Қатысушы аты-жөні |
Сынып |
Мектеп |
Секция |
Жоба тақырыбы |
Жобаның ғылыми жетекшісі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|