Шығыс Қазақстан облысының білім саласы жаңашылдықтың, оң өзгерістердің үнемі көш бастаушысы болып келе жатқаны белгілі. Биылғы оқу жылында да оңды өзгерістердің болатыны жоспарланып отыр. Облыс аудандарының барлығында «Шығыс ұландары» сыныптары ашылады. Осы арқылы жас буынның отансүйгіштік, патриоттық, интеллектуалдық және рухани қуаты арта түспек.
Аталмыш мектептер барлық аудандарда 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылып, өз жұмыстарына кірісіп те кетті. Жуықта «Дарын» ШҚ ӨҒПО әдіскер мамандары Зырян қаласы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылындағы Ленин атындағы орта мектептерде болып, ондағы ашылған «Шығыс ұландары» сыныптарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан еді.
Зырян қаласындағы №8 орта мектебінің, Катонқарағай ауданындағы Үлкен-Нарын ауылында Ленин атындағы орта мектеп жанында «Шығыс ұландары» сыныптары жұмыс істеп тұр. Аталмыш мектеперде «Шығыс ұландары» сыныптарын құру барысында Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының және өзге де мектептердің тәжірибелері де зерделенген. «Шығыс ұландары» сыныптарының бүгіннен бастап әскери өмірмен жақын араласуы болашақтарына бағдар болмақ. Бұл орайда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұнда балаларды әскери өмірге бейімдеп, отансүйгіштікке тәрбиелеуге басты назар аударылады. Біркелкі әскери киім, саппен жүру, тәртіп осындай артықшылықтарымен ерекшеленетін балалардың жаман әдеттермен әуестенетін уақыттары да жоқ көрінеді.
Зырян қаласындағы №8 мектепте қазір 48 бала оқып жатыр. Олар 5 «А» взводы және 5 «Б»взводы болып екі сыныпқа бөлінген. «Шығыс ұландары» сыныптарына жауапты Коновалов Александр Анатольевич, білім бөлімінің әдіскері. 5 «А» взводының тәрбиешісі – Камнев Сергей Алексеевич, запастағы майор, тәрбиеші-офицер; 5 «Б» взводының тәрбиешісі Хабаров Александр Викторович, тәрбиеші офицер. Тірек мектебімен ынтымақтаста жұмыс жүргізу аясында «Жас Ұлан сайтында» (ДБА Ш. Уәлиханов ат «Жас Ұлан» ерлер МЛИ) арнайы парақ ашылған, өз кезегінде тірек мектебі бұл мектептің сайтында өз парақтарын ашқан. Айына бір рет мектепішілік газет шығарылады, оның іс-әрекетін мектептің «Жас қыран» оқушылар ұйымы бақылап отырады. Бұған қоса, «Зыряновскідегі кадеттер» атты өздерінің сайты жұмыс істейді. Жалпы мектеп оқушылары мен «Шығыс ұландары» сыныптары оқушылары арасында келесі критерийлерді ескере отырып, 1. оқудағы іс-әрекеті; 2. тәрбиелілік іс-әрекеті: сабақтан тыс іс-шараларға қатысуы, зерттеу жұмыстары бойынша рейтинг жүргізіліп, қорытындысы шығарылып отырады. «Шығыс ұландары» сыныбындағы оқушылардың қазан айында атқарған істері де көңіл толтырарлықтай. Атап айтсақ, 50 түп шырша егілді, әскери кросс, жоғары үлгерім, үлгілі тәртіп пен қоса ұландарға мықты спортшы болу да міндет. Сол орайда аудандық «Өзіңді құтқара біл» сайысының да тәрбиелік мазмұны зор болды.
Катонқарағай ауданының Үлкен-Нарын ауылындағы Ленин атындағы орта мектебінде де «Шығыс ұландары» сыныбы жұмыс істеп тұр. Биылғы оқу жылының 1 қыркүйегінде 5 сыныпқа қабылдау жүргізілді. «Шығыс ұландары» сыныбына барлығы 21 оқушы қабылданған (10 қыз, 11 ұл бала) Бұған дейін әскери-кәсіби білімді тек қала мектептерінен алуға болатын. Енді өскенде әскери адам болғысы келетін ауыл баласының да арманы орындалатын болды деп өз ойын мақтанышпен білдірді тәрбиеші-офицер Никифоров Владимир Николаевич. Бұл мектептің де бастамалары тамаша, барлық ата-аналар да оқушылар да өз ризашылықтарын білдіруде. Тірек мектебімен ынтымақтаса жұмыс атқарылуда. Мұндағы балалар нағыз сарбаздарша жүріп-тұруға үйреніп қалыпты. Әрине отансүйгіштікке тәрбиелеуге баса назар аударылады. Күні бойғы оқу мен спорт жаттығуларын жасау бізге өте пайдалы деп өз қуаныштарын білдірді «Шығыс ұландары» сыныбына қабылданған оқушылар.
Болашақта «Шығыс ұландары» сыныбына қабылданғысы келетін кішкентай бүлдіршіндердің де қатары бар көрінеді.