+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ПОНИ» турнирінің екінші кезеңін өткізу туралы
31 Қаз, 11:33

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Халықаралық зияткерлік «Үркер» орталығы «Дарын» РҒПО қолдауымен 2016 жылдың 10 қарашасы күні «ПОНИ» турнирінің екінші кезеңін (бұдан әрі - Турнир) өткізетіндігін хабарлайды.

Мақсаты: мектеп жасындағы балалардың әр түрлі салалардағы зияткерлік қабілеттерін анықтау, шығармашылық әлеуетін дамыту және балалардың жан-жақты логикалық мәдениетін қалыптастыру.

Турнир 2,3,4 сынып оқушылары үшін өтеді.

Барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталады.

Турнирге қатысу ерікті түрде, ақылы. Ұйымдастыру жарнасы турнирге қатысу үшін әрбір қатысушыға 500 теңгені құрайды. Ақша жіберу бойынша барлық шығындар жіберушінің есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарналары банк немесе пошталық бөлімше арқылы келесі реквизиттер бойынша төленеді:  

«ҮРКЕР» ЗИЯТКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС
БСН 131240019234
е/ш KZ829261501171201000
БCK KZKOKZKX
«Казкоммерцбанк» АҚ, КБЕ 17, КНП 861

Білім беру ұйымдары турнирдің 2 кезеңіне қатысу үшін өтінімді  2016 жылдың 10 қарашасына дейін берулері қажет.

Өтінімде міндетті түрде төлем мақсатын көрсету қажет: ПОНИ мақсатты жарнасы, мектеп атауы, ауданы, қатысушылар саны. Өтінімді және төлемақы түбіртегінің көшірмесі мен қатысушылар тізімін (Excel форматында)  vk_daryn@mail.ru эл. мекен-жайына жіберу немесе келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 (жұмыс кестесі: дс.-жм.: 9.00-ден – 18.00-ге дейін, сн., жс.: демалыс, түскі үзіліс 13.00 – 14.00).

Өтінім үлгісі:

Қала/аудан

Мекеме атауы

Мекеменің мекен-жайы, телефоны, электронды поштасы

Турнирді ұйымдастырушының (үйлестірушінің) аты-жөні, телефоны

Тапсырмалар саны

Барлығы

Қорытынды

 

2 сынып

3 сынып

4 сынып

қаз

орыс

 

 

қаз

орыс

қаз

орыс

қаз

орыс

 

 

 

Ескерту:Турнирді өткізу үшін материалдар және нұсқаулықтар білім беру ұйымдарына өтінімге сәйкес білім беру мекемесінің Турнир үйлестірушісіне келесі мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қ., Абай д-лы, 21 («Дарын» ШҚ ӨҒПО). Аудандық білім мекемелерінің үйлестірушілерінде бұйрық пен іссапар құжаттары болуы қажет.