+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Президенттік олимпиаданың іріктеу (екінші) кезеңі өткізуі туралы
27 Қаз, 05:16

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы республика бойынша бір уақытта 2016 жылдың 11 қарашасында Президенттік олимпиаданың іріктеу (екінші) кезеңі өткізілетіндігін назарларыңызға салады.

Іріктеу кезеңі екі кезеңде өтеді:

- бірінші кезең – қашықтық. 2016 жылдың 11 қарашасында сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді. Қашықтық кезеңнен өтуге 120 минут уақыт беріледі. Қорытындысы олимпиада аяқталғаннан кейін бірден белгілі болады;

- екінші кезең – шығармашылық (эссе жазу) сол күні сағат 14.00-де өткізіледі.

Өткізілетін орны: облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің (Өскемен қ., Новаторлар көшесі, 9 А).

Қатысушыларды тіркеу – сағат 09.00-де. Әрбір қатысушыда өзімен бірге жеке бас куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы керек. Олимпиаданың қашықтық кезеңі басталмас бұрын әрбір қатысушыға логин және пароль беріледі.

Қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен.

Қашықтық кезеңнің қатысушылар тізімі қоса беріледі.

Қосымша: 1 парақта, орыс тілінде.