+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Өңірлік белсенділер мен көшбасшылардың «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты байқауын өткізуі туралы
25 Қаз, 10:59

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жаңа заман ұрпақтарын ұлттық сана-сезімі жоғары, қоғамның белсенді мүшесі ретінде, патриоттық сезімін, тарихи санасын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылықтылығын сақтау, тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін белсенді әрі нақты  қадам жасауға дайын жастарды тәрбиелеу мақсатында өңірлік белсенділер мен көшбасшылардың «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты байқауын (бұдан әрі-Байқау)  өткізетінін хабарлайды.

Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мамандандырылған мектептердің, Назарбаев Зияткерлік мектебінің  белсенді және көшбасшы оқушылары қатысады. Байқауға дайындық кезінде Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдері тартылады (Байқау ережесі қоса берілді).

Байқау екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – іріктеу (қалалық/аудандық) 2016 жылдың 25 қазанынан 2 қарашасы аралығында.

Екінші кезең – облыстық (желтоқсанның бірінші он күндігі).

Әр қалалық/аудандық білім беру бөлімінен, мамандандырылған білім беру мекемесінен топ жетекші ретінде білім беру ұйымы директорының орынбасары тағайындалады. Байқаудың жеңімпаз командалары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Байқауға қатысуға өтінімдерді (№1 қосымша) білім бөлімдерінің  басшыларының, мамандандырылған мектептердің директорларының және Назарбаев Зияткерлік мектептердің қолдарымен 2016 жылдың 4 қарашасына дейін келесі мекен-жайға жіберіледі Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ШҚ «Дарын» ӨҒПО тел: 8 (7232) 74-22-66 немесе vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасы.  

Қосымша: 7 парақта.

Байқаудың өткізілу орны мен өткізу уақыты туралы қосымша ақпаратты ШҚ «Дарын» ӨҒПО қосымша хабарлайды.