+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысу қорытындысы
11 Мамыр, 06:16

2011 жылғы 30 сәуір мен 06 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.cut

Конкурс оқушылардың математика пәніне, зерттеу және жобалау қызметіне қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың ақпараттық қатынас біліктіліктерін дамыту  мақсатымен өткізілді.

Өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған команда құрамында түрлі интеллектуалды конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болды. Шығыс Қазақстан облысынан келесі оқушылар қатысты:

1. Колиниченко Евгений - Өскемен қаласындағы ҚММФИМ 10 - сынып оқушысы;

2. Цораев Тимур - Өскемен қаласындағы ҚММФИМ 10 - сынып оқушысы;

3. Ерланов Едіге - Өскемен қаласының №24 ОМ 11 - сынып оқушысы.

Конкурс жұмыстары төмендегі секциялар бойынша өткізілді:

-         Қоғам және табиғаттағы нақты процесстердің математикалық модельдері.

-         Геометриалық миниатюралар.

-         Математика және өнер.

-         Математика тарихы.

-         Математика ғылымы.

-         Электронды тақырыпты журнал.

Конкурс қорытындысы бойынша Колиниченко Евгений ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Конкурс қатысушыларына арнайы мәдени танымдық бағдарлама, Мәскеу қаласындағы белгілі тарихи жерлерде экскурсия ұйымдастырылды.