+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ПОНИ - мектепке дайындал!» «Палитра» турнирінің бірінші кезеңін өткізу туралы
25 Қаз, 04:52

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Халықаралық зияткерлік «Үркер» орталығы «Дарын» РҒПО қолдауымен «ПОНИ - мектепке дайындал!» «Палитра» турнирінің бірінші кезеңін (бұдан әрі - Турнир) өткізетіндігін назарларыңызға салады.

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың әр түрлі салалардағы зияткерлік қабілеттерін анықтау, шығармашылық әлеуетін дамыту және балалардың жан-жақты логикалық мәдениетін қалыптастыру.

Турнир балабақша тәрбиеленушілері (4 жастан бастап)  және мектеп алды даярлық сынып оқушылары үшін өтеді.

Барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – дипломдар табысталады.

Турнирге қатысу ерікті түрде, ақылы. Ұйымдастыру жарнасы турнирге қатысу үшін әрбір қатысушыға 500 теңгені құрайды. Ақша жіберу бойынша барлық шығындар жіберушінің есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарналары банк немесе пошталық бөлімше арқылы келесі реквизиттер бойынша төленеді:  

«ҮРКЕР» ЗИЯТКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС

БСН 131240019234

е/ш KZ829261501171201000

БCK KZKOKZKX

«Казкоммерцбанк» АҚ

Білім беру ұйымдары турнирге қатысу үшін өтінімді 2016 жылдың 2 қарашасына дейін берулері қажет.

Өтінімде міндетті түрде төлем мақсатын көрсету қажет: ПОНИ мақсатты жарнасы, мектеп атауы, ауданы/қаласы, қатысушылар саны. Өтінімді және төлемақы түбіртегінің көшірмесі мен қатысушылар тізімін (Excel форматында)  vk_daryn@mail.ruэл. мекен-жайына жіберу немесе келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Өскеменқаласы, Абай даңғылы, 21 (жұмыс кестесі: дс.-жм.: 9.00-ден – 18.00-ге дейін, сн., жс.: демалыс, түскі үзіліс 13.00 – 14.00).

Өтінім үлгісі:

Қала/аудан

Мекеме атауы

Мекеменің мекен-жайы, телефоны, электронды поштасы

Турнирді ұйымдастырушының (үйлестірушінің) аты-жөні, телефоны

Тапсырмалар саны

Барлығы

 

 

 

 

қаз

орыс

 

             

Ескерту:Турнирді өткізу үшін материалдар және нұсқаулықтар білім беру ұйымдарына өтінімге сәйкес білім беру мекемесінің Турнир үйлестірушісіне келесі мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қ., Абай д-лы, 21 («Дарын» ШҚ ӨҒПО).