+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушыларға арналған математика, физика, химия, биологиядан Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін өткізу қорытындысы
21 Қаз, 09:01

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 қазанында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағыты пәндерінен Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау үшін  тиімді шарттарды қалыптастыру, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және кәсіби бағыт-бағдарларын қалыптастыру.

Олимпиада Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасы негізінде өткізілді.

Оқушылар жұмысын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, Назарбаев зияткерлік мектептің, «Нұрорда» мектеп-лицейінің үздік оқытушылары мен ғалымдары бағалады.    

Олимпиада нәтижесі бойынша, жоғары ұпай жинаған 20 оқушы Республикалық Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне (қатықтық кезеңі) қатысады. 

Іріктеу кезеңі 2016 жылдың 11 қарашасында 2 айналымда өтеді: қашықтық және шығармашылық (қашықтық кезеңі өткен күні эссе жазылады) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасы негізінде өткізілді.

Іріктеу кезеңі нәтижесі бойынша, Теміртау қаласында 2016 жылдың 23-26 қарашасында өтетін Республикалық Президенттік олимпиаданың соңғы айналымының қатысушылар құрамы бекітіледі.