2016 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсынының облыстық кезеңін өткізді.
Шараның мақсаты – балалардың ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылықтарын ояту жолымен ғылыми-зерттеу, интеллектуалдық шығармашылық әлеуеттерін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға іріктеу және дайындау.
Оқушылардың жобаларды қорғауы 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика, информатика;
2) физика, техника;
3) қазақтіліжәнеәдебиеті;
4) орыстіліжәнеәдебиеті;
5) биология, химия;
6) валеология,экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология,медицина.
Қатысушылардың жұмысыноблыстағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 139 қатысушы (118 жоба) жүлдегер болды. І орынға – 29 қатысушы (23 жоба), ІІ орынға – 41 қатысушы (35 жоба), ІІІ орынға – 71 қатысушы (61 жоба) ие болды. Жүлдегерлердің тізімі қосымша беріледі.
Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар берілді.
І орынға ие болған жеңімпаздар конкурстың Республикалық кезеңіне қатысады.
Жүлдегерлерді, ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Конкурстың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!