Бүгінгі күні білім берудің сапасына, мұғалім еңбегінің тиімділігіне және жағдайының жақсаруына ерекше көңіл бөлінуде.Осы орайда «Дарын» республикалық ғылыми-практкалық орталығы мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында ағымдағы жылдың 12-13 қазаны күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.
Конкурсқа республикалық конкурстың іріктеу кезеңінен өткен, облысымыздың 13 педагогы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 2 дәрежелі дипломмен:
- Жумагулова Гульзира Даулетхановна, ШҚО ББ «Дарынды балаларғаарналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ ;
- Мукашева Меруерт Қозықановна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ;
- Қаленова Куляим Серикбаевна, ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ;
- Тулеубекова Мейрамгуль Керейбаевна, ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ;
- Бимбетова Алуа Нурлыбековна, ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ;
- Омарова Лаура Оразмухамбетовна, ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ марапатталды.
3 дәрежелі дипломмен ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ педагогтары: Амренова Ляззат Мамыржановна, Савакасова Айдана Бақытбековна, Егеубаева Айгуль Берикқановна марапатталды.
ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығы» КММ педагогі Шакирова Жанат Сагиолдановна «Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
Барлықтарыңызы жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!