2016 жылдың 24 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Обсерваториясында оқушылардың IX Қазақстандық Астрономиялық турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, ғарышқа деген қызығушылықтарын арттыру, ғарыш технологиялары және Ғарыш туралы білімдерін тәжірибе жүзінде оқып білуге және қолдануға, талантты оқушыларды айқындап, олардың мамандық таңдауларына көмек көрсету.
Турнирдің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының тобы 16 топтың ішінен 3 - орынды иеленді.
Топтың құрамында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, информатика, физика саласындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Колотихин Евгений, Колесникова Анастасия, Смирнов Глеб, Байгрунов Абулхаир болды.
Топ мүшелерін құттықтап, жаңа жетістіктерге жету жолында
сәттілік тілейміз!