2016 жылдың 30 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиада Г. В. Плеханов ат. Ресей экономикалық университетінің Өскемен қалалық филиалында өтті.
Шараның мақсаты – рухани білім беру арқылы балалар мен жасөспірімдердің құндылық бағдарларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі тану пәніне қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 145 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 кезеңде өтті. Бірінші кезең – эссе жазу.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 34 қатысу жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 10, ІІІ дәрежелі дипломмен – 18 оқушы марапатталды. Жүлдегерлер тізімі қосымша беріледі.
Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушылар «Әлемді махаббат пен сүйіспеншілікке толтырайық» тақырыбында командалық презентация қорғады. Презентацияларда оқушылар өздерінің рухани білімін, қазіргі өмірдің өзекті құндылықтарын, жеке қасиеттері мен азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
ЖОО-ның ғалымдарының шығарған қорытындысы бойынша командалық орындарға ие болғандар:
І орын
– Семей қаласының командасы;
- Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік-лицейінің командасы марапатталды.
ІІ орын алғаны үшін
– Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы;
- Бородулиха ауданының командасы марапатталды.
ІІІ орын алғаны үшін
– Семей қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік-лицейінің командасы;
- Жарма ауданының командасы;
- Күршім ауданының командасы марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар табысталды.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиадаға қатысушыларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз.