1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Өзін-өзі тану пәні бойынша мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
Шараны өткізудің мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).
Олимпиаданың өту тілі - қазақ және орыс тілдері.
2. Олимпиаданың өту мерзімі, тәртібі
Олимпиада облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Олимпиада Ш кезеңде өтеді:
- бірінші кезең - іріктеу (қалалық/аудандық), 21 қыркүйекке дейін өткізіледі;
- екінші кезең - облыстық кезең, 2016 жылдың 31-қыркүйекте;
- үшінші кезең - республикалық кезең, қарашаның І онкүндігі.
Облыстық кезеңнің құрамына қазақ және орыс тілдерінде эссе жазу кіреді.
Әр команда «Әлемді махаббат пен сүйіспеншілікке толтырайық» тақырыбына 2-3 минуттық таныстыруды дайындайды.
3. Олимпиаданың жұмысшы органдары
Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
- олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;
Құрамына ғалымдар, тәжірибеші-мұғалімдер кіретін ғылыми-әдістемелік кеңес:
- тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;
- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;
- жұмыстарды тексеруге қатысады;
- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.
4. Қатысушылардың құрамы
Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелердің 7-8-9 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиадаға іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жинақталған аудан/қала командасы қатысады.
Команда құрамында – оқу тіліне қарамастан 6 оқушы және 1 жетекші болады.
Команда мүшелерінің барлығы олимпиадаға қатысуға берілген өтінімде болуы керек.
5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жүлделі орындардың санына байланысты үздік аудан, қала, облыстық мектеп командасы анықталады.
6. Қаржыландыру
Олимпиаданы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы құрылып, бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.
Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.