2016 жылдың 27 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында Өскемен, Семей қалаларының, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар аудандарының мектепке дейінгі білім беретін тірек мекемелердің меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған «Оқу-тәрбие үдерісінде «Valeo» интеллектуалдық-дамытушылық жиынтығын енгізу» атты облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинарға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің, Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің өкілдері қатысты.
Семинар-практикумның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде «Valeo» интелектуалды-дамыту жиынтығын енгізу бойынша тәжірибемен алмасу.
Семинар барысында дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің директоры Н.В. Ахаева мектепке дейінгі тірек мекемелерімен ДБА ВАМК-нің жұмыс жүргізу жүйесін ұсынды.
Семинарға қатысушыларға «Valeo» интелектуалды-дамыту жиынтығының материалдарын пайдалана отырып, баланың жеке сипаттарына сәйкес қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру бойынша шеберлік-сыныптарын көрсетті.
Семинар нәтижесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда қатысушылар семинар қорытындысын талдап, «Valeo» жиынтығы жайлы, ұжымның педагогикалық қызметі жайлы өз ойларымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушыларға үлестірмелі материалдар: ОТД технологиялық карта, «Valeo» жиынтығына арналған дидактикалық жаттығулар, ЖИПТО ойыны және АРТ ЖИПТО, мектепке дейінгі балалардың «Шығыс жұлдызшалары» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының ережелері, мектепке дейінгі балалардың «Valeo» интелектуалды-дамыту жиынтығын меңгеру деңгейінің мониторингісі таратылды.