І. Жалпы ережелер
Конкурс психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелістігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.
Конкурстың басты шарты дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары психологтарының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеялар, жобалары, іс-тәжірибелерімен алмасу.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
ІІ. Конкурстың мақсаты және міндеттері
Конкурстың басты мақсаты - талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру).
Конкурстың басты міндеттері:
1. Психологтардың инновациялық тәжірибесі жайлы банкті жинақтау.
2. Үздік тәжірибелі психологтарды анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар коллекциясын қалыптастыру.
3.Психологтардың кәсіптік қарым-қатынасына ықпал ету және шығармашылық жаңалықтармен, идеялар мен тәжірибемен алмасуын ұйымдастыру.
4. Қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру және психология ғылымының мәртебесін көтеру.
5. Психологтардың шығармашылық белсенділігін, креативтік көзқарасын, тиімді әдістерін анықтау және ынталандыру.
ІІІ. Конкурсқа қатысушылар және оның құрылымы
Конкурсқа қатысушылар
Конкурска
3 жылға дейін;
3 - 7 жылға дейін;
7 - жылдан астам еңбек өтілі бар мектеп психологтары қатыса алады.
Конкурстың қорытынды кезеңіне іріктеу кезеңнен өткен психологтар қатысады.
IV. Конкурс сатылы құрылымнан тұрады:
I саты – 3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар.
Конкурстық тапсырманы орындау барысында психологтар жан-жақты кәсіптік деңгейін, жалпымәдениетін және интеллектуалдық дамуын, көпшілік қауым алдында сөз сөйлеу мәдениетін көрсетеді.
II саты -3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар.
Кәсіптік шеберлікті (ата-аналар, педагогтар, балалар мен жұмыс істеу қабілеті) көрсету, білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жанжақтылығы және мәдениетін көрсетуге бағытталған тапсырмалар қарастырылған.
III саты - 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар.
Бұл сатыға қатысушылар кәсіби шеберлігінің практикалық деңгейін, білім беру мазмұнын игеру, әдістемелік дайындығын, өз іс-әрекетін жобалау, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетеді.
V. Конкурстың мазмұны және кезеңдері
Конкурс мазмұнында психологтің білім беру процесінде кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсетуге, білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау және шешуге мүмкіндігін беретін тапсырмалар, психолог мамандығы туралы, өзінің кәсіптік көзқарасы туралы эссе жазу қарастырылған.
I кезең – аймақтық, аймақтық ғылыми-практикалық орталықтар, сондай-ақ, облыстық білім беру басқармалары өткізеді.
II кезең – іріктеу (сырттай), эссе жазу.
III кезең – қорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
Конкурсқа тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.
VI. Конкурстың номинациялары
«Психологиялық қобдиша» ерекше әдістемелік әзірлемелер;
«Креативті психолог»;
«Ең үздік психологиялық элективтік бағдарлама»;
«Оқушылармен дамыту жұмыстарының үздік сценарииі»;
«Ата-аналарға, педагогтарға арналған ең үздік психологиялық іс-шараның әзірлемесі»
Мына тақырыптарда ең үздік эссе:
«Мен және менің мамандығым»;
«Психология – болашақтың мамандығы»;
«Психолог және Мен»;
«Менің кәсіби ұстанымым».
VII. Конкурсты ұйымдастыру
7. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті бекітеді.
8. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың қорытынды кезеңін дайындап өткізу, бағдарламасын дайындау, қатысушылардың тізімін жасауға басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын тағайындайды, конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
VIII. Конкурстың қорытындысын шығару
Конкурстың қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасы қатысушылардың еңбек өтілі бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Іс-шараның қорытындысы салтанатты жағдайда өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Үздік жұмыстар «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланады немесе тәжірибеге енгізуге ұсынылады.
IX. Конкурсты қаржыландыру
Олимпиаданың шығыны бекітілген сметаға сәйкес жасалады.
Смета мекеме - ұйымдарының ерікті және демеушілік жарналарынан тұрады.