2016 жылы 22-23 қыркүйегінде Түркістан қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен бірлесе отырып «Ясауитану» халықаралық білім байқауын өткізді.
Халықаралық жарысқа Шығыс Қазақстан облысының командасының атынан 4 оқушы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы Қ. Сәтпаев атындағы орта мектептің 11 – сынып оқушысы Мерекенов Бекзат І дәрежелі диплом және 100 000 теңге көлеміндегі сертификат иегері атанды. Шығыс Қазақстан облысы командасы грамоталармен марапатталды.
Әр облыстан келген дарынды балалардың арасында тығыз байланыс орнату үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама, Түркістан қаласының тарихи жерлеріне, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне топ саяхаттар ұйымдастырылды.
Балаларды абыройлы жетістіктерімен және жеңісімен құттықтаймыз!