Жас көшбасшыларға – қазақстандық патриотизмнің жаңа идеялары
ШҚО Білім басқармасы, «Дарын» өңірлік ғылыми практикалық орталығы облыстың дарынды оқушыларына Ұлт Көшбасшысының кітапханасы кешенінде 2016 жылдың 15-16 қыркүйегі аралығында өткен Республикалық «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке қатысуына мүмкіндік жасады.
Бұл семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен ғаламдық бастамаларына арналған.
Ұлт көшбасшысының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты оқыту жобасына облыстың 20 дан астам оқушыларын – оның ішінде, оқу үздіктерін, дарынды оқушыларды, мектеп белсенділерін екі күндік семинар-тренингке жинады.
Аталмыш іс-шараның мақсаты - жеткіншектердің бойына қазақстандық- отаншылдық құндылығын қалыптастыру, Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаевтың бес институциональных реформасын жүзеге асырудағы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» құралымымен таныстыру.
Іс-шара барысында «Ұлт жоспары – мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы», «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тақырыптарында дәрістер тыңдалды.
Барлық дәрістер көрмедегі мұрағаттық құжаттармен, суреттермен және жәдігерлермен бекітілді.
Ұлт Көшбасшысының кітапханасында сонымен қатар, ҚР Ата Заңы мен Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толғандығына орай ұйымдастырылған көрмеде тарихи уақиғалар, ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттің басты құжатын қабылдаудағы мемлекет Басшысының рөлі балаларға толығымен баяндалды.
Семинар барысында «Кітап және ұрпақ сабақтастығы» шарасы ұйымдастырылды. Оның барысында балаларға 10 мыңнан астам кітаптың электрондық нұсқасы жүктелген kitap.kzсайты таныстырылды. Балалардың көркем әдебиетке қызығушылығын оятып, функционалдық сауаттылықты арттыру үшін тренингтер мен ойындар өткізілді.
Бағдарлама аясында семинар-тренингктің қатысушыларына ҚР Ұлттық мұражайына, «Астана опера» опера және балет театрына және ҚР Тұңғыш Президенті мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
Семинар соңында сертификат табыстау салтанатты жиыны болып, оған Ұлт Көшбасшысының кітапханасы директорының орынбасары Қуанышев Жапсарбай Ильясұлы қатысып, барлық тыңдаушыларына сертификат табысталды.
Елбасына және семинарды ұйымдастырушыларға Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 9-сынып оқушысы Назерке Орынтаева өз алғысын білдіріп, келесі өлең шумағын арнады: Тереңге тартқан тамыры, білім алу жолында,
Осы елдің тағдыры, мына жастар қолында.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы біз үшін ерекше мән мен мағынаға ие болды. Жас өскелең ұрпақ өз Отанының лайықты азаматы болады деп үміттенеміз. Сонда біздің еліміз ең әдемі, ең табысты,ең білімді ел болады.