Робототехника бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы
ҚР білім және ғылым министрлігімектепкедейінгі және орта білім Департаментінің хатына сәйкес 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Бүкіләлемдік Робототехникалық
Олимпиада 2016 (World Robort Olympiad)ережелері негізінде робототехника бойынша олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға білім мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары мен өңірдің ЖОО-ның студенттері қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – балалар мен жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту.
Олимпиада келесі категориялар бойынша өткізілді: «Негізгі» - белгіленген уақыт ішінде (150 минут) робот құрастыру; «Шығармашылық» категория – роботты төрешілер мен көрермендерге көрсету және таныстырудан тұрды;
«Роботтар футболы».
Олимпиада қорытындысы бойынша әр жас кезеңі бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. «Негізгі» категориясы бойынша Кабдрахманов Әлинұр, Елшібаев Расул – Өскемен қаласы, №45 орта мектептің
7 сынып оқушылары Өскемен қаласы әкімшілігінің «Жас техниктер станциясы» командасы құрамында бірінші орынды иеленді:.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!