+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының жаратылыстану ғылымдары бойынша III ашық юниорлық олимпиадасына қатысуы туралы
04 Мамыр, 09:11

2011 жылдың 27 сәуірінен 02 мамыр аралығында «Назарбаев зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Астана қаласына құрамында 6 адамнан тұратын Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының командасы жаратылыстану ғылымдары бойынша III ашық юниорлық олимпиадасына қатысып қайтты.cut

Олимпиада оқушылардың ғылыми білімдерін насихаттау, ғылыми жұмыстарға дарынды оқушылардың қызығушылықтарын оятып, шығармашылық қабілеттерін анықтап, жетілдіру және интеллектуалды дамуына жағдай туғызу, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатында өткізілді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлдегер атанды:

- II дәрежелі дипломмен және күміс медалімен - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика мектебінің 8 - сынып оқушысы Набережный Никита;

- III дәрежелі дипломмен және қола медалімен - Өскемен қаласындағы қазақ – түрік лицейінің 8 - сынып оқушысы Сұлтанғазиев Әлішер.

Олимпиада аясында командалық «Көкпар» интеллектуалды ойыны өткізілді. Шығыс Қазақстан облысының командасы 3 – жүлделі орынға ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.