+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
48-ші Халықаралық химиялық олимпиадасында (IChO 2016) ШҚО-да күміс
04 Там, 09:09

Семей қаласы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Смагулов Азамат тағы да Халықаралық химиялық олимпиадасының жеңіс тұғырының шыңынан көрінді.

Олимпиада 2016 жылдың 23 шілдесі мен 1 тамыз аралығында Тбилиси қаласында (Грузия) өткізілді.

Олимпиадаға оқушылардан, менторлардан, ұстаздар мен ғылыми зерттеушілерден құралған 75 әлем мемлекеттерінің 700-ге жуық өкілдері қатысты.

Олимпиада 2 кезеңде өтті: эксперименттік және теориялық. Қатысушыларда Тбилиси қаласының мәдениетімен, бай тарихи мұраларымен танысу мүмкіншіліктері болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Азамат ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегері атанды. Бұл оның алғашқы жеңісі емес химиядан түрлі республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Азаматты мақтаулы жеңісімен  құттықтаймыз! Жарқын жетістіктер мен сәттілік тілейміз!