2016 жылдың 15-22 шілдесінде Саха Республикасында «Лена Таңы» (Якутия) туристік кешенінде «Туймаада-2016 » математика, физика, химия және информатикадан оқушылардың 23 -Халықаралық олимпиадасы өтті.
Байқауға Румыния, Болгария, Ресей, Қазақстан, Татарстан, Мордовия және басқалардан 22 команда 175 қатысушы қатысты.
Қатысушылар жеке біріншілікте төрт оқу пәндері, атап айтқанда математика, физика, химия және информатика бойынша екі кезеңнен жарысты. Олимпиадаға қатысушылар үшін кеңейтілген экскурциялық және мәдени бағдарламалар дайындалды.
Қазақстан биыл бес облыстан және Астана, Алматы қалаларынан бір команда ұсынды. Қазақстан ұлттық құрамасынан ШҚО Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы - Айтказинов Шыңғыс қатысты.
Олимпиада нәтижесінде Шыңғыс екінші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды. Ол бірнеше рет өз жетістіктерін көрсеткен еліміздің, аймақтың интеллектуалдық әлеуеті болып табылады.
Шыңғысты кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!