+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Алматы қаласында өткен «Бастау» турнирінің қорытындысы
22 Шіл, 10:25

2016 жылдың 20-24 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан облысының бастауыш сынып оқушылары Алматы қаласында өткен ІХ  республикалық математикалық «Бастау» турниріне қатысты.

Турнурдің мақсаты - математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

Турнирге Республикамыздың әртүрлі облыстары мен қалаларынан 135 оқушы (45 команда) қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан турнирге 12 бала (4 команда) қатысты. Команда құрамында:

- «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің оқушылары;

- Семей қаласы, №6  гимназия оқушылары;

- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің оқушылары;

- Өскемен қаласының құрама командасының оқушылары болды.

Турнир  3 айналымнан тұрды:

1.    «Әу баста!»(командалық ауызша олимпиада)

2.    «Асық» (командалық ауызша олимпиада)

3.    «Бәйге» (жеке ауызша олимпиада)

Турнирдің «Әу баста!» командалық кезеңінің қорытындысы бойынша:

1) Бас жүлдені Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің  оқушылар командасы;

2) 2 орынды Семей қаласы, № 6 гимназияның оқушылар командасы;

3) 3 орынды Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің оқушылар командасы иеленді.

«Бәйге» сайысының қорытындысы бойынша:

1 дәрежелі дипломмен:

-  Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің  4 сынып оқушысы Ғалымов Алихан;

2 дәрежелі дипломмен:

- Семей қаласы, № 6 гимназияның 2 сынып оқушысы Шоманов Асанәлі;

3 дәрежелі дипломмен:

-  Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 3 сынып оқушысы Асенова Дильнура марапатталды.

Өскемен қаласының құрама командасы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!