+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстандық жас физик Цюрих қаласында "қолаға" лайық болды
21 Шіл, 11:33

2016 жылдың 11 - 17 шілде аралығында Цюрих (Швейцария) қаласында физика пәні бойынша 47-ші Халықаралық олимпиада өтті (IPHO).

Халықаралық физикалық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO) 1967 жылдан бері жоғары сынып оқушылары үшін жылда өткізіліп келеді. Дәстүр бойынша олимпиада екі кезеңде өтеді: эксперименталды және қағидалы.

Олимпиадаға 90 елдің 450 дарынды оқушылары қатысты.

Қазақстанның ұлттық құрамасында ШҚО Семей қаласы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Увалиев Әділет қатысып ел намысын қорғады.

Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша Әділет ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

Әділетті кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Өмірде және ғылымда сәттілік тілеп, қызықты жаңалықтар мен жаңа жеңістер тілейміз!