2016 жылдың 1-9 мамыры аралығында Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында физикадан ХVІІ Азиялық олимпиада өтті.
Байқауға әлемнің 26 елінен 219 жоғары сынып оқушысы қатысты.
Қазақстан құрама командасына ШҚО Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушылары Увалиев Әділет пен Айтказинов Шынғыс енді.
Олимпиада теориялық және эксперименттік айналымнан тұрды.
Барлық тапсырмалар жоғары оқу орындарының физика курсына бағытталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Увалиев Әділет граммотамен марапатталды.
Әділетті Халықаралық Олимпиададағы жетістігімен құттықтаймыз!