2016 жылдың 11-13 мамырында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаментімен бірлесіп, Алматы қаласындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінде 11 сынып оқушылары арасында ІІІ «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және дамыту, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Республикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 43 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 айналымда өтті: теориялық және тәжірибелік.
Бірінші айналымда қатысушылар математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілеуден өтті.
Екінші айналымда қатысушылар алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру нормативтерін тапсырды: жеке саптық дайындық, АК-74 автоматын ішінара бөлшектеу, құрастыру, 3000 м кросс, 100 м жүгіру және кермеге тартылу.
Шығыс Қазақстан облысының намысын 3 қатысушы қорғады, олардың екеуі қола жүлдегер атанды: ІІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Ашимов Темірлан мен Бадылханов Ералы марапатталды.
Олимпиада қатысушыларына Қазақстан Респуликасының Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің Әскери институтына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Балаларды, олардың ата-анасы мен мұғалімдерін абыройлы жеңістерімен құттықтаймыз!
Келешекте зор табыстар мен сәттіліктер тілейміз!