+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Облыстық «Сәйгүлік» математика - логикалық олимпиадасының қорытындысы
24 Мамыр, 04:19

2016 жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Нұрорда» мектеп-лицейімен бірлесіп, 5-7 сынып оқушыларына арналған облыстық «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізді (бұдан әрі - Олимпиада).

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік ұпай жинаған оқушылар дипломдармен марапатталды және «Нұрорда» мектеп-лицейінде жеңілдікпен оқу мүмкіндігіне ие болды (тізім қоса беріледі).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және табыстар тілейміз!