+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас зияткерлер «Жас математик» және «Жас физик» олимпиадасында
24 Мамыр, 04:10

2016 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстық мамандандырылған облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесіп, «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың әлеуметтік-белсенділігін дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын ашу.

Олимпиадаға облысымыздың бүкіл аудандары мен қалаларынан 5-8 сынып оқитын 195 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 60 жүлдегер анықталды. І дәрежелі грамотамен - 12 оқушы, ІІ дәрежелі грамотамен - 21  және ІІІ дәрежелі грамотамен - 27 оқушы марапатталды. (Жүлдегерлер тізімі қосымша берілген).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласы қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығы - 1 орын,  Күршім, Шемонаиха аудандары, Өскемен қаласы – 2 орын, Өскемен қаласы қазақ-түрік лицейі, Глубокое, Катонқарағай аудандары, Семей қаласының оқушылары жалпы командалық 3 орынға ие болды.

Жүлдегерлерді, мұғалімдері мен ата-аналарды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрқашан биіктен көрінулерін тілейміз!