2016 жылдың 2-8 мамыр аралығында Мәскеу қаласының М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқушылардың химиядан Менделеев олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 22 әлем елдерінен 114 оқушы қатысты.
Ұлттық зияткерлік құрама команданың құрамына Қазақстан Республикасы атынан Семей қаласындағы қазақ- түрік лицейінің 11 сынып оқушысы, бірнеше рет Халықаралық және Республикалық олимпиадаларының жеңімпазы Смағұлов Азамат қатысты.
Азамат екі жыл қатарынан Халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы. Олимпиада қорытындысы бойынша күміс медальмен және екінші дәрежелі дипломмен марапатталған.
Олимпиада қатысушыларына Мәскеу қаласының мәдени және тарихи ескерткіштеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Азаматты және ата- анасын, оның мұғалімдерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!!!