2016 жылдың 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысының командасы Астана қаласында өткен «Білім жолы»атты республикалық марафонға қатысты.
Шараның мақсаты- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипатындағы есептерді шығару қабілетін анықтау және дамыту, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, құрылымды қимылдау икемдерінің себептерін түсіну.
Шығыс Қазақстан облысынан 9 қатысушы - облыстық кезең жеңімпаздары қатысты.
Қатысушылар мына бекеттер бойынша білімдерін көрсетті: «Мирас», «Әдебиет», «Өзін-өзі тану», «Discovery», «Полиглот», «Математик», «Логикалық ойындар», «Шабыт», «Квест», «Ертегіде қонақта».
Республикалық марафонның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы «Алтын тұғыр» номинациясын жеңіп алды.