2016 жылдың 20-24 сәуірінде Грузия астанасы Тбилиси қаласында жас зерттеушілердің халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Халықаралық жарысқа Шығыс Қазақстан облысынан «Нұрорда» мектеп – лицейінің 11 сынып оқушылары Нурсен Бириктир, Айғаным Сейт қатысты.
Халықаралық ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша біздің облыстың қатысушылары ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.
Конкурсқа қатысқан балаларға қызықты мәдени-танымдық бағдарлама, Тбилиси қаласының тарихи жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
Балаларды абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!