+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қала, аудан мектептерінің 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасының өткізілу ЕРЕЖЕСІ
05 Мамыр, 14:01

1.     Жалпы ережелері

Шығыс Қазақстан облысының қала/аудан мектептерінің, облыстық мамандандырылған мектептердің 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиаданың (ары қарай - Олимпиада) мақсаты:

- оқушылардың олимпиадалық резервін дайындау;

- оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру;

- емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету;

- облыс мектептері мен аудандық мектептер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дамыту.

2.     Математика-логикалық олимпиадаға қатысушылар

Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І кезең – аудандық, ІІ кезең облыстық.

Олимпиадаға оқушылар оқыту тіліне қарамастан (қазақ, орыс) қатыстырылады.

Әрбір қала/аудан мектептерінің, облыстық мамандандырылған мектептердіңең үздік деген 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Әр ауданнан 9 оқушы (өтінім бойынша).

Математика-логикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2016 жылдың                        10 мамыр күні сағат 10:00-де бір күнде бір уақытта өткізіледі. Өткізілу орны: аудан орталықтары (өздері дайындаған тапсырма бойынша).

Облыстық кезеңі 2016 жылдың 14 мамыр күні сағат 10:00-де бір күнде бір уақытта өткізіледі. Өткізілу орны: Өскемен қаласы. «Нұрорда» мектеп-лицейі

3.     Ұйымдастыру

«Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебімен бірлесе ұйымдастырылады.Олимпиаданың тапсырмаларын ШҚӨҒП «Дарын» орталығы әзірлейді. Әр кітапшада 50 сұрақтан болады. Жауап дайындау үшін барлығы 120 минут (2 сағат ) уақыт беріледі.

Олимпиадаға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының қызметкерлері мен «Нұрорда» мектеп-лицейіңің  мұғалімдері үйлестіруші және бақылаушы ретінде қатысады.

4.     Олимпиаданы қорытындылау және үміткерлерді марапаттау.

Олимпиадаға қатысушы балалардың жұмыстары конкурстық комиссия қатысуымен бақылаудан өткізіледі.

Олимпиадада үздік балл жинаған оқушылар, жүлделі орындарды көп алған мектептер және оқушыларды дайындаған мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталады.

Олимпиада қорытындысы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында, «Педагогикалық жаршысы» атты облыс ұстаздарының газетіне жарияланады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

5.     Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау

Олимпиада жүлдегерлері келесі жылы «Нұрорда» мектебінде тегін оқуға грант жеңіп алады.

6.     Қаржыландыру

Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.