+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ
05 Мамыр, 13:56

1. Жалпы ережелер

1.1       Осы ереже «Жас математик», «Жас физик» 5-8 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданы ұйымдастыру (бұдан әрі – Олимпиада) мен өткізілу тәртібін, қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.

1.2       Олимпиада «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналаған мамандандырылған мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өткізіледі.

2. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың әлеуметтік-белсенділігін дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын ашу.

Міндеттері:

-  тәжірибе шеберлігі мен теориялық білімін тереңдету, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын жоғарлату;

-  интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларды шешуде табандылықты, дербестікті, белсенділікті дамыту; пәндерді оқуға қызығушылығын қолдау және тарту;

-  адал бәсекелік күресті жүргізу және қарым-қатынас мәдениет қалыптастыру.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру - әдістемелік қамсыздандыру

3.1 Олимпиаданы ұйымдастырып және үйлестіріп, әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналаған мамандандырылған   мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3.2 Олимпиаданы ұйымдастырушы ұйымдастыру комитетін, қазылар алқасын және әдістемелік комиссия құрады.

4. Ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия және қазылар алқасының қызметтері

4.1 Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы өткізу формасын, әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді, қазылар алқасы мен әдістемелік комиссияның құрамы бойынша ұсыныстар ұсынады, олимпиаданы өткізу кезінде туындаған кикілжің жағдаяттарды қарастырады, қорытындысы бойынша есептерін ұсынады.

4.2 Әдістемелік комиссия Олимпиаданың командалық және жеке турын жүргізу үшін тапсырмалар дайындайды;

4.3 Әдістемелік комиссия Олимпиаданың барлық турларында  орындалған тапсырмаларды бағалау әдістемесін және бағалау өлшемін әзірлейді;

4.4 Қазылар алқасы жеке турдағы жазбаша жұмыстарды тексереді, олардың нәтижесін бағалайды, Олимпиадаға қатысушылардың орындаған тапсырмаларын талдайды және апелляция жүргізеді, апелляция жүргізілгеннен кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

4.5 Олимпиадаға қатысушылардың топтық ойынның нәтижесін қазылар алқасы бақылайды және бағалайды.

5. Олимпиадаға қатысушылар

5.1 «Жас математик», «Жас физик» байқауына Шығыс Қазақстан облысының қала, аудан мектептерінің командалары қатысады. 

5.2  «Жас математик» байқауына 5-8 сынып оқушылары қатысады. Әрбір қалалық/аудандық білім мекемелерден, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысушылар саны – 4 оқушы (1 оқушы – 5 сынып; 1 оқушы – 6 сынып;                                1 оқушы – 7 сынып; 1 оқушы – 8 сынып).

5.3 «Жас физик» байқауына 7-8 сынып оқушылары қатысады. Әрбір қалалық/аудандық білім мекемелерден, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысушылар саны – 2 оқушы (1 оқушы – 7 сынып; 1 оқушы – 8 сынып).

6. «Жас математик», «Жас физик» байқауының өткізілу тәртібі және шарттары

6.1 Олимпиада өткізілу күні – 16 мамыр 2016 жыл.

6.2 Қатысушыларды тіркеу – сағ. 9.00 – 9.30 дейін.

6.3.Өткізілетін орны - «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ (Өскемен қ. Новаторов көшесі, 9а, тел: 8 (7232) 249301.

6.4 Байқау екі турда өткізіледі: жеке тур және командалық тур.

Жеке тур – сағ. 09.30 – 11.00 дейін (90 мин);

Командалық тур – сағ. 12.30 – 13.45дейін (75 мин).

Жеке тур– тапсырманы жазбаша орындау (әрбір оқушы өзінің жас ерекшелігіне байланысты орындайды). Қатысушыларға логикалық, тапқырлыққа, есептеуге арналған тапсырмалар (тест түріндегі тапсырма дұрыс жауапты таңдау, «Жас математик» - математикадан 20 сұрақ, жауаптың 4 нұсқасы;                                 «Жас физик» - физикадан 20 сұрақ, жауаптың 4 нұсқасы).

Командалық тур (5-8 сыныптары түрлі жастағы топтары қатысады)

2 кезеңнен тұрады (әрбір кезеңде математикадан, физикадан 20 сұрақ). Бірінші және екінші кезеңнің сұрақтары 4 тақырыпқа жинақталған, 5 сұрақтан.

Команда дұрыс жауап берсе, ойын таблосында көрсетілген сұрақтың бағасына сәйкес, бал алады, дұрыс емес жауапқа 0 бал. Дұрыс жауап берілмеген жағдайда, басқа командалар жауап беріп, қосымша бал алуына мүмкіндік бар.

7. Олимпиаданы қорытындылау және марапаттау

7.1 Олимпаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.  

8. Қаржыландыру

Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.