2011 жылдың 15 сәуірінде ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірлесе «Дарын» Виртуалды Академиясының аясында «Лидер «Жас Талап - КZ» конкурсының іштей турын өткізді.
Конкурс ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалды деңгейін көтеру, оларды әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарға даярлау, облыстың дарынды балаларын анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар туғызу, табысқа жету ынтасын қалыптастыру мақсатымен өткізілді.
Конкурсқа 9-11 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Оқу жылы ағымында конкурс қатысушылары 2 кезеңнен өтті. Конкурстың 1 кезеңінде (сырттай) оқушылар математика, информатика, физика, химия пәндері бойынша күрделендірілген бақылау жұмыстарын орындады. Әр қатысушының бір немесе бірнеше пәнді таңдап алуға мүмкіндігі болды. Конкурстың 2 кезеңіне (іштей, университет кешеңінде) 1 кезеңде кемінде 10 ұпай жинаған оқушылар қатысты.
Жүлдегерлер үш номинация бойынша белгіленді: «Математика», «Физика», «Химия».
І орын алған:
- Математика пәні бойынша – Ташенов Әділжан, Өскемен қаласының ДБА ОММЛИ оқушысы;
- химия - Аскарова Гаухар, Өскемен қаласындағы №34 ДБА ММЛ оқушысы;
- физика - Буркашев Фархат Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының оқушысы.
І орын иегерлеріне БҰТ жақсы тапсырған жағдайда, таңдаған мамандығы бойынша, пәніне сәйкес («Архитектура» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа) Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректорының тегін оқуға білім гранты беріледі.
ІІ орын алған:
- Математика пәні бойынша – Қисықова Еркежан - Өскемен қаласындағы №34 ДБА ММЛ оқушысы, Егісханов Мерхат - ДБА ОММЛИ оқушысы;
- химия - Сапарбаев Эрик - Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының оқушысы.
- физика – Алимжанов Айбек Өскемен қаласындағы ДБА ОММЛИ оқушысы; Караштина Мария - Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының оқушысы.
ІІІ орын алған:
- Математика пәні бойынша – Социалов Айдос, Токанов Ерасыл, Абайханқызы Айназ - Өскемен қаласының ДБА ОММЛИ оқушылары;
- химия – Бурнашева Мария - Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының оқушысы.
- физика – Шарипбекова Назерке, Ботаханова Айнұр – Зайсан ауданы М.Әуезов ат.ОМ оқушылары.
ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, құнды сыйлықтарға ие болды. Қалған қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар берілді.