2016 жылғы 29 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың математика пәніне, зерттеу және жобалау қызметіне қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың ақпараттық-қатынас біліктіліктерін дамыту.
Конкурс жұмыстары келесі секциялар бойынша ұсынылды:
-"Табиғат және қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері";
-"Геометриялық миниатюралар";
-"Математика және өнер";
-"Математика тарихы";
-"Математика ғылымы";
-"Электронды тақырыптық журнал".
Ғылыми конкурсқа Ресей, Болгария, Белоруссия, Казақстаннан оқушылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысы командысының атынан 6 оқушы қатысты. Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орынды иеленді.
І дәрежелі дипломмен:
-Семей қаласы, №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Калидолдина Айнара;
- Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Ермолаев Вячеслав марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен Жарма ауданы, Қажыгелді атындағы орта мектептің11 сынып оқушысы Сайран Рашида марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы, №3 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Оразғалиев Нұрсамат марапатталды.
Конкурс қатысушыларына "Математикалық Әлем" аты зияткерлік квест, Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу мемлекеттік циркіне және Мәскеу қаласының әйгілі тарихи жерлеріне шолу экскурсия ұйымдастырылды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, мұғалімдері мен ата-аналарына сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!