+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы туралы АҚПАРАТ
30 Сәу, 10:25

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп 2016 жылдың 27-30 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаева Омарғалиқызы Бітібаеваны еске алуға арналған.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру мақсатымен олимпиадаға еліміздің білім ұйымдарынан аймақтық кезеңнен өткен 9-11 сыныптан 150-ден астам оқушы қатысты.

Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы 2016 жылдың 28 сәуірде Облыстық драма театрында өтті. Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде қатысушыларға алғы сөзімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары – Ж. Омар, ҚР ҰАҒ корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің профессоры – Ф. Оразбаева, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының зертхана меңгерушісі – З. Аманова сөз сөйледі.

Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1 кезең – эссе жазу, 2 кезең – ауызша.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының оқу орындарының белгілі ғалымдары мен оқытушылары, атап айтқанда, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен болды.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан естелік сыйлықтар берілді.

І дәрежелі дипломдармен:

- Съезбек Айсауле – Ақмола облысынан 11 сынып оқушысы;

- Нариман Аружан – Ақтөбе облысынан 9 сынып оқушысы;

- Меңдібаева Гүлжанар – Ақтөбе облысынан 10 сынып оқушысы;

- Жұбай Ұлдана – Жамбыл облысынан 10 сынып оқушысы;

- Сапар Раушан – Батыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы;

- Катай Гульмайдан - Қостанай облысынан 11 сынып оқушысы;

- Сураган Ахтоты – Павлодар облысынан 11 сынып оқушысы;

- Мыңбаева Жансая – Алматы қаласынан 11 сынып оқушысы;

- Масек Назерке - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 9 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломдармен:

- Өнерқан Лашын - Шығыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Нурланқызы Диана - Шығыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Жиеншеева Талшын - Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы;

- Жанабаев Естай - Шығыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы;

- Қабдулахатова Жансая - Шығыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы;

- Нуруллаева Бахтигул – Жамбыл облысынан 10 сынып оқушысы;

- Совет Саяжан - Қарағанды облысынан 9 сынып оқушысы;

- Мәдениет Әділет - Қызылорда облысынан 10 сынып оқушысы;

- Қапарова Айна - Солтүстік Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Мұралқан Айжарық – Алматы қаласынан 10 сынып оқушысы;

- Мәдиева Әйгерім - Алматы қаласынан 11 сынып оқушысы;

- Рабхан Ақерке – Астана қаласынан 11 сынып оқушысы;

- Себепова Жансая - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломдармен:

- Кенжибек Сапарбек – Ақмола облысынан 10 сынып оқушысы;

- Қартбаева Ұлболсын - Ақтөбе облысынан 11 сынып оқушысы;

- Тұрғанбек Әйгерім - Алматы облысынан 11 сынып оқушысы;

- Қалжанова Жансауле – Атырау облысынан 9 сынып оқушысы;

- Халиуллина Жанерке - Атырау облысынан 10 сынып оқушысы;

- Даниярова Мадина - Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы;

- Лукпанова Аружан - Батыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Жумажанова Сабина - Қарағанды облысынан 10 сынып оқушысы;

- Ерболатқызы Айым -  Қарағанды облысынан 11 сынып оқушысы;

- Жумабекова Акерке - Қызылорда облысынан 9 сынып оқушысы;

- Нұрқасым Елнұр - Қызылорда облысынан 11 сынып оқушысы;

- Жарылқасова Ақсұңқар - Маңғыстау облысынан 11 сынып оқушысы;

- Бауыржан Ақерке – Павлодар облысынан 9 сынып оқушысы;

- Тлепбергенова Дана - Павлодар облысынан 10 сынып оқушысы;

- Киреева Айнура - Павлодар облысынан 11 сынып оқушысы;

- Уланова Айганым - Солтүстік Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы;

- Кайшанова Тамирис - Солтүстік Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Болат Нұрай - Алматы қаласынан 10 сынып оқушысы;

- Темирбек Тимерлан - Шығыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Съезғазыева Жансая - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 10 сынып оқушысы;

- Досымбетова Улдана - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 9 сынып оқушысы;

- Абдулхамитова Ақерке - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 11 сынып оқушысы.

Қазақ тілі мен әдебиетінен үздік көрсеткіштері үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталғандар:

- Съезбек Айдын - Ақмола облысынан 9 сынып оқушысы;

- Анербай Аяулым - Алматы облысынан 11 сынып оқушысы;

- Шораева Маржан – Жамбыл облысынан 9 сынып оқушысы;

- Сүлейменқызы Дельфина - Батыс Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Нағашыбай Бекзат - Қостанай облысынан 9 сынып оқушысы;

- Мирамова Диана - Қостанай облысынан 10 сынып оқушысы;

- Сот Наурызбек - Маңғыстау облысынан 9 сынып оқушысы;

- Шарапиден Аида - Павлодар облысынан 9 сынып оқушысы;

- Байғабулов Сағи - Оңтүстік Қазақстан облысынан 9 сынып оқушысы;

- Асанова Анар - Алматы қаласынан 9 сынып оқушысы;

- Жоспар Айсұлу – Астана қаласынан10 сынып оқушысы;

- Сағымбекова Арайлым - Астана қаласынан 11 сынып оқушысы;

- Нұртазина Аружан - Шығыс Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы;

- Зайнолда Дастан - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 10 сынып оқушысы;

- Маулетқажи Бұлбұл - Республикалық мамандандырылған білім мекемесінен 10 сынып оқушысы;

- Мырзабек Ақерке – Қызылорда облысынан 10 сынып оқушысы;

- Асан Оразбибі - Оңтүстік Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы;

- Қали Марлен - Оңтүстік Қазақстан облысынан 10 сынып оқушысы.

«Сөз зергері» номинациясымен:

- Ғиззат Әнел - Батыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы;

«Тіл шебері»номинациясымен:

- Камашова Аида– Астана қаласынан 9 сынып оқушысы;

«Үздік әдебиетші»номинациясымен:

- Сапарғали Әсем - Батыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы;

«Үздік тілші» номинациясымен:

- Құби Ақжүніс – Атырау облысынан 10 сынып оқушысы;

- Қамарбекова Мадина - Шығыс Қазақстан облысынан 11 сынып оқушысы.

Қ. Бітібаеваның шәкірттері атынан С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасының профессоры Картаева Айжан Маратбекқызы келесі оқушыларға сыйлықтар берді:

-  Астана қаласы, №40 орта мектептің 10 сынып оқушысы Емангалиева Камилаға;

-  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көктүбек орта мектебінің                9 сынып оқушысы Бекмұханбетов Әлиге;

-  Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, №3 қазақ-түрік ер балалар лицейінің 9 сынып оқушысы Тәңірбергентегі Айбарға.

Қ. Бітібаеваның отбасы олимпиаданың 3 қатысушысына кітаптар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Олимпиада аясында қызықты мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды: облыстық драма театрда «Атымды Абай қойған соң» атты қойылымды тамашалау, қаланың көрікті жерлеріне бару, «Қазақстан» тауына шығу, тарихи-өлкетану, этнографиялық, өнер музейлеріне саяхат.

Жетекшілерге дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында коучинг ұйымдастырылды.

Олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекшілері ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Өз кезегінде олимпиада ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Шығыс Қазақстан «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне зор табыстар мен сәттілік тілейді.