+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Павлодар жеріндегі химиктер олимпиадасы
21 Сәу, 11:29

2016 жылдың 12 - 14 сәуірі аралығында Павлодар қаласында өткен химия пәні бойынша А. Бектуров атындағы ІІ Халықаралық  олимпиадаға облыс оқушылары қатысты. Олимпиадаға Қазақстан өңірінен Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды мен Павлодар қалаларындағы «Назарбаев Зияткерлік  мектептерінен», Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан барлығы 66 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғалымдары кірді.

66 қатысушылардың 8 оқушысы химия пәні бойынша өткен Халықаралық олимпиада жеңімпаздары, 25 оқушы  жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен Республикалық олимпиаданың қатысушылары, 22 оқушы осы олимпиадаға екінші мәрте қатысқандар.

Олимпиаданың теориялық айналымы Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, практикалық айналымы Еуразия инновациялық университетінің химиялық технологиялар лабороториясында өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан екі оқушы жүлдеге ие болды.

1.Бірінші дәрежелі дипломмен Семей қаласының қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Смағұлов Азамат марапатталды.

Азамат екі жыл қатарынан олимпиаданың «Абсалютті жеңімпазы» атағын жеңіп алды.

Ол Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері, 47 ші Халықаралық олимпиадасының химия пәні бойынша күміс жүлдегері, Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының күміс, алтын медаль иегерлері.

Азамат 2016 жылдың 2- 8 мамыры аралығында Ресей Федерациясының Москва қаласында  өтетін химия пәні бойынша Менделеев олимпиадасына қатысады. Азаматқа алдағы сайыстарда да жеңіске жете беруін тілейміз!

2. ІІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы қазақ- түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Гулмурод Пулот марапатталды.

Жүлдегерлер мен олардың мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтап, үлкен сәттілік тілейміз!