2016 жылдың 15 сәуірінде Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының» базасында «Уақыт бізді таңдады» облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде оқушыларды бейіндік даярлаудың перспективалық бағыттарын анықтау және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісу.
Семинардың міндеттері: оқушылардың бейіндік дайындау ерекшеліктерімен қатысушыларды таныстыру, әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі бойынша педагогтардың білімдік, кәсіби және тәжірибелік білімдерін көтеру, осы мәселе бойынша білім мен дағдыларды жүйелеу, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы жинақталған іс-тәжірибені тарату.
Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары, директорлардың орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары, қарулы күштер өкілдері, сонымен бірге, құрметті қонақтары генерал-майор А.А. Мартынов және Семей қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Б.О. Бегатов шақырылды.
Семинар аясында қатысушылар назарына: «Жас Ұлан» лицейі тәрбиеленушілерінің сапқа тұру, шеберлік саныптарының фрагменттері, ҚР және РФ қарулы күштері қатарындағы оқу орындарындағы лицей түлектерінің курсанттары және РФ Алтай кадет корпусымен телекөпір, лицей ұландары: барабаншылар взводының өнер көрсетуі, қоян-қолтық күресу, қару-жарақпен құрметті қарауыл көрсетулері, азат етуші жауынгердің ескерткішіне әшекейленген гүл шоқтарын қою, «Шығыс ұланыдары» гимінінің авторымен бірлесіп тұсаукесері ұсынылды.
Сонымен бірге, экскурция барысында семинарға қатысушылар назарына: «Арлан» алғашқы әскери даярлық орталығы, К. Омаров ат. әскери-спорт кешені, жекпе-жек залы, «Даңқ» әскери-патриоттық музейі, Б. Момышұлы, Қ. Қайсенова, Ш. Уалиханова және А. Бекбаевтардың атаулы кабинеттерімен қатар лицей оқушылары мен оқытушылар ұжымының жетістіктері көрмесі көрсетілді.
Семинар соңында, дөңгелек үстел аясында облыстың тірек мектептері ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ашылды: әскери-патриоттық тәрбие берудің өзекті деп танылған сұрақтары негізінде бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-практикумдар өткізу, әскери-қолданбалы пәндер бойынша тереңдетілген даярлықты қамтамасыз ету, бірлескен далалық жиын және бағыттылыққа сай әскери-патриоттық ойындар, спартакиада, әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізу көзделді.