+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
18 Сәу, 12:07

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес2016 жылдың 16 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын қолдау, мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.

Олимпиадаға барлық қалалар мен аудандардан 3-4 сыныпта оқитын 341 дарынды оқушы қатысты. Балалар қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, ағылшын тілінен, математикадан, дүниетанудан, бейнелеу өнерінен білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 165 жүлдегер анықталды.

І орынды– 33 оқушы, ІІ орынды– 39 оқушы, ІІІ орынды– 93 оқушы иеленді.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!