+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстың жас зерттеушілері Байқоңырды бағындырды
11 Сәу, 14:12

2016 жылы 4-9 сәуір аралығында облыс оқушыларының командасы  Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" ХII Халықаралық ғылыми жарысына  қатысты.

Ғылыми сайыстың мақсаты - ғарыштық зерттеулер саласындағы ғылыми - зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Шығыс Қазақстан облысы командасы біздің облысымыздың намысын лайықты қорғап келді.

Сайыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:

- Хосчанова Диана  – Өскемен қаласының №4 орта мектебі 11 сынып оқушысы;

- Кенесханов Ескендір – Өскемен қаласыныңқазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы.

II дәрежелі дипломмен:

- Мусина Дина – Өскемен қаласының«Нұрорда» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Калиолданов Алишер – Күршім ауданының №1 Теректі орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Деш Яна – Өскемен қаласының№10 мектеп-гимназиясының   11 сынып оқушысы;

- Токишов Алижан – Өскемен қаласыныңқазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Ермекова Дина – Күршім ауданының Қ. Нұрғалиев атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы.

III дәрежелі дипломмен:

-       Сафаева Жансая – Семей қаласының Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Ахметбаев Азамат – Өскемен қаласыныңқазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Асылханова Сәнді – Өскемен қаласының№3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Бабанова Асель - Өскемен қаласының№3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Шарипхан Айтхан – Күршім ауданының Күршімдік №3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Омирбек Али – Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы  №44 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

-  Бейсенгали Амангельды – Семей қаласының №37 гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Уалиев Амир – Өскемен қаласының №19 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

-  Махметов Темирлан – Семей қаласының №39 орта мектебінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен

Серік Инабат -  Жарма ауданының Георгиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: "Байқоңыр" космодромының ғарыш мұражайына, "Буран" орбитальді корабліне, академик С.П.Королевтің мемориалды үйіне, Жер ғаламшарының тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалды үйлеріне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.  

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын жүлделі орындармен құттықтаймыз.

Үлкен табыстар тілейміз!