2016 жылдың 8 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;
- патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;
- оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиада 2 айналымда өткізілді:
1 айналым – жазбаша – эссе;
2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Олимпиадаға облыстың барлық мектептері мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 61 оқушы қатысты.
Әділқазылар алқасының құрамына аймақтың жетекші ЖОО белгілі ғалымдары мен оқытушылары кірді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 39 оқушы жүлдегер атанды.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз!
Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!